Атырау, 23 желтоқсан 07:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қызылордада 11 мұғалімнен сифилис жұқпалы ауруы табылды

5 869 рет қаралды


Дәрігерлер мұғалімдер арасынан бұл ауруды жиі байқайтынын, алдыңғы жылы жұқтырып алған алты мұғалімді тіркегенін айтты. Бұл туралы "Еуразия Бірінші арнасы" хабарлайды.  

Сифилисті бірден анықтау қиын болғандықтан, жағдай күрделеніп кетеді екен. Жұқпалы аурудың бірінші деңгейі еш симптомсыз өтеді. Дәл сондықтан көбі сырқатты ауыр деңгейге дейін жіберіп алып, нәтижесі ішкі органдар мен сүйектердің бұзылуымен аяқталады. Сарапшылардың айтуынша, бұл дерттен айығу мүмкін. Бірақ, дәрігерге дер кезінде қаралып, аурудың алдын алу керек.  "Тіркеуде тұрғандардың көбі жұмыссыз. Дәлірек айтсақ 80 пайызы. Білім саласындағы қызметкерлердің саны 11 пайыз. Аурудың бірінші деңгейінде науқастарға жұмысқа қабілетсіз деген анықтама беріледі. Бір айға созылған емнен кейін ауру жұқпалы болып есептелмейді. Қоғамға еш зияны жоқ", - дейді Қызылорда облысының дерматовенеролог дәрігері Ғабит Қыздарбеков. 

 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

29 тамыз 2018, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.