Атырау, 21 мамыр 03:13
 ашықВ Атырау +19
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Қызметтік көліктен бас тарту: Исекешев қандай көлікпен жүреді

1 370 просмотра


Елорда әкімі Әсет Исекешевтің қандай қызметтік көлікпен жүреді? Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Күн сайын әкім Toyota HiAce шағын автобусымен жүреді. Ол қаланы айналып, жол құрылыстарын бақылап, балабақшаларды да көріп шығады», - деді Эльвира Жүргенбаева қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. Өз кезегінде Астана қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы Ғани Исқалиев қыркүйектен бастап қала басшысы бизнес-класс дәрежесіндегі таксимен қозғалатынын, ал лауазымы одан төмен шенеуніктер эконом-класс дәрежесіндегі таксимен қозғалатынын атап өтті.

«Әкім әртүрлі көлікпен жүреді. Микроавтобуспен де қозғалатын кездері болады. Бизнес класс дәрежесіндегі көліктер - олар Камри, Шкода Супер Б. Таксопарк кез келген көлікті жіберуге құқылы. Эконом класс дәрежесіндегілер - қалада жүрген қарапайым көліктер», - дейді Ғани Исқалиев. 

Еске сала кетсек, бұған дейін астаналық әкімдіктің 2018 жылдан бастап, такси қолдану бойынша пилоттық жобаға ауысатыны хабарланған еді. Осы жылдың қыркүйек айында қала әкімдік қызметтік көліктерден бас тартқалы отыр. 

 

Дереккөз: inform.kz

 

28 тамыз 2018, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.