Атырау, 19 сәуір 18:14
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Құрманғазы ауданында зымыран құлады

Сурет
3 522 просмотра

2018 жылғы 23 тамызда кешке Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылына жақын жерде кенеттен далалықтағы құрғақ шөп өртене бастады. Бірнеше гектарға жайылған өртті сөндіру кезінде ракетаның бөлшегі табылды – қураған шөп осы ракета құлаған соң өртенген.

ҚР ІІД ТЖ Комитетінің ресми өкілі Руслан ИМАНКУЛОВ аталған жайт бойынша «АЖ» тілшісіне комментарий берді:

- Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ, радиациялық ахуал қалыпты деңгейде. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының жанынан орын алған жайтты сараптау бойынша комиссия құрылды.

Интернеттегі ақпаратқа сәйкес, "Стриж" нысана зымыранының аспаннан құлаған бөлшегінің ұзындығы 7-8 метрді құрайды. Кейін оқиға орнын аудандық ІІБ қызметкерлері қоршауға алды. Ракетаның қайдан ұшып келгені және кімге тиесілі екендігі нақтылануда. «АЖ» нұсқасы бойынша, әуеден келген «қонақ» - ресейлік әскерилердің техникалық қателіктерінің нәтижесі. Көрші Астрахан облысында «Ашулук» полигоны бар, сондықтан мұндай бөлшектердің Құрманғазы ауданына құлауы сонау совет үкіметі кезінен бар нәрсе.

Фархат ӘБІЛОВ

Сурет әлеуметтік желіден алынды


25 тамыз 2018, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.