Атырау, 29 наурыз 10:18
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ақтөбе облысында асыл тұқымды ірі қара мал неден қырылып қалды?

3 674 просмотра



Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, Ақтөбе облысында ірі қара малдың дертке шалдыққаны анықталмаған.

КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығында улы шөп жеген 120 асыл тұқымды сиыр жаппай қырылған. Шетелден сатып әкелініп, ерекше жағдайда баптап өсіріп жатқан ірі қара мал уланып өлді, деп қорытынды жасады мал дәрігерлері.

Кейінірек ауыл шаруашылығы министрлігі нақтылап өткендей, шаруа қожалығында 253 сиыр қырылған. Мамандар малдың еті мен қорегінен сынамалар алып, Республикалық ветеринарлық лабораторияда тиісті зерттеулер жүргізілді.

Сараптама нәтижесі бойынша, мал улану салдарынан жаппай қырылыпты, жануарлардың ағзасында алколоид мөлшері көбейіп кеткен – олар қоректенген шөп құрамында есек мия болған көрінеді. Ірі қара малдан аса қауіпті дерт анықталмады.

Енді улы шөптің фермаға қалай жеткізілгенін тергеушілер анықтайтын болады.

Дереккөз: sputniknews.kz

22 тамыз 2018, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.