Атырау, 18 сәуір 11:25
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қазақстан консулы Батумиде қонақ үйден шығарылған қазақстандықтар мәселесін бақылауға алды

1 339 просмотра


ҚР Сыртқы істер министрлігі Грузияның Батуми қаласындағы қымбат қонақ үйден шығарылған қазақстандықтар жөнінде пікір білдірді. 

Бұған дейін Грузияның Батуми қаласындағы қымбат қонақ үйден шұғыл түрде шығарылған туристер қатарында қазақстандықтардың да бар екені хабарланған болатын. Отельде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмағандықтан, сот қаулысына байланысты 300-ге тарта демалушы төленіп қойған нөмірлерін тастап шығуға мәжбүр болған. 

«Батумидегі қонақ үйден бір топ туристің шығарылғанынан хабардармыз. Алдын ала болжам бойынша, бұл қонақ үйдегі туристер өзге қонақ үйлерге жайғастырылған, ал кейбіріне ақшалай қаражат қайтарылған», - деп жауап берді ҚР СІМ баспасөз қызметі агенттік сауалына. Миинстрлік аталған мәселе бойынша Қазақстанның Грузиядағы Елшілігіне ешбір қазақстандықтың шағымданбағанын жеткізді. Қазақстан консулы мәселені өз бақылауына алды.

 

Дереккөз: inform.kz

 

20 тамыз 2018, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.