Атырау, 25 сәуір 01:43
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Даниал Ахметов Өскеменнің жаңа әкімін таныстырды

1 163 просмотра



Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскеменнің жаңа әкімін таныстырды. Бұл лауазымға Жақсылық Омар тағайындалды.

Өскеменге көшіп келместен бұрын Жақсылық Омар Алматы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Қаланың жаңа басшысы шығыс қазақстандықтарға жақсы таныс. 2009-2016 жылдары облыс әкімдігінің құрылымында түрлі қызмет атқарған. 2013-2016 жылдары өңір әкімінің орынбасары болды.

Жақсылық Омар экономика ғылымдарының магистрі. Мансабын 2001 жылы ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінде жетекші маман болып бастаған. Түрлі жылдары қаржы министрлігінде, "Қазақстан" телерадиокешенінде, Шығыс Қазақстан ішкі істер басқармасында қызмет атқарған. 2011-2013 жылдары ШҚО мәдениет басқармасында басшы болды.

Айта кетейік, жол апаты 2018 жылдың 15 сәуірінде кешкі уақытта болған еді. BMW Х5 жүргізушісі жол жиегінде жүріп бара жатқан жолаушыны соққан. Алған жарақатынан жолаушы жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған.

Тергеу барысында 45 жастағы көлік жүргізушісінің Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев екені анықталды. Кейін жол апаты кезінде автокөлікте Құрманбаевпен бірге Өскемен әкімі Қуат Тұмабаевтың да болғаны расталды. Жүргіншіні қағып кеткен соң Тұмабаев автокөлік тізгініне отырған. Оның полисі болмаған, осы үшін 20 МРП көлемінде әкімшілік өтемақы төлеуге міндеттелді. Соттың осы шешіміне Тұмабаев қайта шағым түсіріп, содан кейін айыппұл төленбейтін болды.

Кеңейтілген отырыс кезінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеме жасап, Қуат Тұмабаевқа өз еркімен жұмыстан шығу үшін арыз жазуға кеңес бергенін айтқан еді. Кейін Тұмабаев жұмыстан шығуға арыз жазды.

Дереккөз: today.kz.


 



20 тамыз 2018, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.