Атырау, 23 желтоқсан 11:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Назарбаев Асановпен кездесті

1 398 рет қаралды

 


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысына сот төрелігі органдарының биылғы жартыжылдықта атқарған қызметі мен бұған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берілді. "Өткен 6 айдың ішінде бірінші сатыдағы соттар 1,8 миллион сот ісі мен материалдары қаралды. Бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен жоғары. Қылмыстық іс бойынша 16 302 адам сотталса, олардың 25 пайызы бас бостандығынан айырылды", - деді Жоғарғы сот төрағасы. Жақып Асанов Нұрсұлтан Назарбаевқа экономикалық қылмыстар бойынша қамау түріндегі бұлтартпау шараларын белгілеу жағдайы 30 пайызға төмендегінін мәлімдеді. Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар тапсырма берді.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

 

20 тамыз 2018, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.