Атырау, 29 наурыз 19:52
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Әблязов Тәтішевтің өлімі үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

1 531 просмотра


Бас прокуратура Мұхтар Әблязовтың Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырудағы әрекеттерін квалификациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, 2018 жылдың 31 шілдесіне Әблязовқа БАҚ арқылы, сондай-ақ, оның ішінде Le Figaro атты француз газеті арқылы Қазақстан прокуратурасының ғимаратына келу керектігі жайлы хабарлама жіберілген болатын. 

"Әблязов пен оның қорғаушысы сотқа дейінгі тергеу процесіне келмеуіне байланысты ҚР Бас прокуратурасы ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 206-бабының 8-бөлігіне ("Күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жария ету тәртібі") сәйкес, 1963 жылдың 16 мамырында дүниеге келген күдікті Әблязов Мұхтар Қабылұлының іс-әрекеттері квалификацияланатыны жайлы хабарлайды", - деді прокуратура өкілдері. 

Сотқа дейінгі өндірістің қорытындысы мен жиналған дәлелдердің негізінде, 2018 жылдың 17 тамызында Әблязовтың әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің (1997 жылдың 16 шілдесіндегі) 28-бабының 3-бөлігінің және 96-бабының 2-бөлігінің 2-тармағындағы  "ж", "з" пунктеріне квалифицияланды. Бұл санкцияға сәйкес, Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Айта кетейік, Әблязов "Банк ТұранАлем" АҚ экс-төрағасы Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. Сондай-ақ, ол бұл қылмысты жасау кезінде Мұратхан Тоқмәдимен алдын ала сөз байласқан деген күдік те бар. 

Осыған дейін Бас прокуратура өкілдері Мұхтар Әблязовты тергеуге шақырған болатын. Франция соты 2014 жылдың 9 қаңтарында БТА банктің бұрынғы басшысын экстрадициялау туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл үкім ресейлік және украин тарапының экстрадиция бойынша салған сұрауларына байланысты шығарылған.

Бір аптадан соң Мұхтар Әблязов соттың бұл қаулысымен келіспейтіндігін білдіріп, екі рет жоғары инстанцияға шағымданған. Сондай-ақ БАҚ беттерінде осыған дейін Қазақстанның Мұхтар Аблязовты отанына қайтарып алуға тырысатындығы бірнеше рет мәлімделген еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 тамыз 2018, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.