Атырау, 24 сәуір 07:41
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Теңгенің күйі не болмақ?», «Кінәні шеттен іздеуге шебер басшылар», «Сағынтаев бәрін біледі…», «Каспий бестігі – әлемдік бақ назарында», «Саммит Иранның көршілерімен арадағы мәселелерін шеше алмады».

1 992 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Кінәні шеттен іздеуге шебер басшылар» - Билікке монополия орнатса да, Ердоған, Хаменеи мен Путин сияқты автократтар кінәні аударатын сырт тарап іздеуге мәжбүр.

«Саммит Иранның көршілерімен арадағы мәселелерін шеше алмады» - Каспий жағалауындағы елдер Қазақстанда өткен саммитте бұрыннан шешілмей келе жатқан шекара мәселелерінің біразын реттеп алды. Алайда Иран мен оған көрші елдер – Әзербайжан мен Түркіменстан арасындағы бірқатар мәселелер сол күйінше қалып қойды.

«Департамент: Қазақ-өзбек шекарасынан өтуде еш кедергі жоқ» - Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті "Қазақстан-Өзбекстан шекара бекетінен өту үшін сағаттап кезекке тұру" туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

365INFO.KZ. «Сағынтаев бәрін біледі…» -  Мәссаған! Дәстүрлі күзгі кадрлық ауыс-түйістер тек әкімдерге ғана қатысты болатын сыңайлы. Өйткені аймақтардағы қазіргі атқамінерлер президенттің тапсырмасын орындауға қауқарсыз болып отыр.

INFORMBURO.KZ. «ҰБТ 2018 – талапкерлері қай саланы көбірек таңдады?» - Биылғы жылы техникалық мамандықтарға талапкерлер арасында сұраныс жоғары болды дейді мамандар. Және бірінші тестен сүрінбей өткендер ғана грантқа ие болды.

TENGRINEWS.KZ. «Ақшаны девальвациядан қалай сақтап қалуға болады?» - Теңгенің күнде бір орнында тұрмауы қазақстандықтарды әрдайым қырағы болуға мәжбүр етеді. 14 тамызда KASE қор биржасының күндізгі саудасындағы қорытынды бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы бағамы 361,35 теңгеге дейін нығайды. Теңге осы апта ішінде қандай деңгейден асатыны, ақша айырбастаған кезде қандай кеңестерді ұстанған дұрыс және қазақстандық валютаның әлсіреуін қалай болжауға болатыны жайлы Tengrinews.kz тілшісі құлаққағыс етуді ұйғарды.

AIKYN.KZ. «Теңгенің күйі не болмақ?» -  2015 жылы Ұлттық банк ұлттық валютаны еркін айналымға жібергелі бері, теңге уақыт өткен сайын, ақырындап әлсіреп барады. Қаржылық реттеуші теңге курсы дәлізін нақты бекітіп отырған шақтарда теңге бір сәтте құнсызданатын. 2009 бен 2014 жылдың ақпан айлары қазақстандықтардың есінде болар. Сол жылдары теңге құнын бірден 18-19 пайызға жоғалтқан еді. Бір жақсысы, ол кезде «теңге құнсызданды» деп жағдайға тік қарайтын. Енді, ұлттық валютаның әлсіреуі «курс құбылмалығы» деп аталатын болды.

«Каспий бестігі – әлемдік бақ назарында» - Ақтау  саммиті – су айдынын өзара бөліскен бес мемлекеттен бөлек, мұнай, газ нарығындағы алпауыттар мен энергосектор өкілдерін, келісімге қатысушы мемлекеттермен «достығы» жараспаған елдер және «Каспий бестігінің» минералды ресурстарына мүдделі тараптарды тегіс алаңдатқан оқиға болды. 


17 тамыз 2018, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.