Атырау, 20 сәуір 13:52
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Антиресейлік санкция бойынша АҚШ Қазақстанның мүддесіне тиіспеуге кепіл берді

1 539 просмотра


Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов АҚШ-тың антиресейлік санкциясы еліміздің мүддесіне кедергі келтірмеуі керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Мен америкалық әріптесіммен жасалып жатқан санкциялар, еліміздің экономикалық мүддемізге кері әсері тимеуі керектігі жайлы әңгіме қозғаған болатынбыз. Олардың бұл мәселе жайлы түсінігі өте жақсы. Әкімшілік санкцияны өңдеген күннің өзінде де олар Қазақстанның мүддесіне тиіспеуі туралы кепіл берді", - деді министр.  

"Екінші жағынан, біз Ресей үкіметінің экономикалық блогымен жақсы қарым-қатынастамыз, бұл Ресейге қалай әсер ететінін және қалай Қазақстанның мүдделерін қорғап қалатындай жасауға болатыны жайлы талқыладық", - деді Тимур Сүлейменов. 

Ұлттық экономика министрі теңге бағамының жағдайына байланысты үкіметте бюджеттік бағдарламалар жасауына ешқандай қауіп көріп тұрмағанын мәлімдеді.  

"Қазіргі уақытта біз күзде бөлінетін бюджеттің нақтылауы макроэкономикалық факторларға байланысты ғана емес, сондай-ақ, бюджеттің орындалуына, тұтастай алғанда экономиканы дамытуға байланысты. Әзірше тек біздің экономика қандай бағытта келе жатқанына, мемлекеттік бағдарлама қалай орындалып жатқанынына баға бере аламыз. Осы дәйектерге сүйене отырып қана біз болашаққа болжам жасап, тағы да бір рет сұраудың қажеті бар ма, жоқ па - көреміз. Бағамның бір өзгерісінен кейін бюджетті айқындау жеткіліксіз", - деді Тимур Сүлейменов. 

"Келесі үш жылдыққа - 2019-2021 жылдың бюджетіне сараптама жасап жатырмыз. Алайда ол тек АҚШ-тың ақша-кредит саясатына байланысты болғандықтан, санкция көршілес елдердің экономикасына қалай әсер ететініне байланысты нақты бір болжам жасап шығару қиын", - деді қаржы министрі.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 тамыз 2018, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.