Атырау, 20 сәуір 06:59
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Министр Абаев елдегі шетелдік телеарналардың жабылу себебін түсіндірді

1 525 просмотра


Қазақстан аумағында 88 шетелдік телеарнаның жабылуы қызу талқыға түскеніне таңданыс білдірді. Бұл жөнінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бүгінгі Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз 88 телеарнаны жауып жатқанымызды хабарлаған кезде басқа мәселе жайын қозғаған едік. Шындығында, қоғам назары басқа мәселеге ауып кеткені мені біраз таңғалдырды. Біз Қазақстанда 215 шетелдік телеарна ашылғанын айтқан едік. Мұндай тәуелсіз 25 жыл ішінде болған емес. Қазір біз барлық шетелдік телеарналарды құқықтық алаңға шығардық. Яғни, барлық шетелдік телеарналардың Қазақстанда өкілдіктері бар және онда жұмыстар жүріп жатыр», - деді министр.

Абаев мәлім еткендей, шетелдік телеарналар Қазақстан аумағында хабар таратуы үшін Қазақстанда өз өкілдіктерін ашуы керек.

«Бұл телеарналардың жабылуы олар енді ешқашан Қазақстанда жұмыс істемейді дегенді білдірмейді. Олар өкілдік ашқылары келсе, Қазақстандағы заңнамамен белгіленген барлық рәсімдерді орындауы керек екенін, содан кейін қайтадан Қазақстанға орала алатынын білдіреді. Ал бұрындары өкілдіктердің көбі басқа елде отыратын және бізге олармен жұмыс істеу қиын болды. Ал сіздер елімізде телеарналардың жабылғанына үлкен мән бергендеріңіз мені таңғалдырады. Сіздер Қазақстанда басқа телеарналар өз өкілдіктерін ашқанына назар аударуларыңыз керек еді», - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін министр Абаев Қазақстанда 5G ұялы байланысы қашан іске қосылатынын мәлімдеген болатын.

Дереккөз: Baq.kz

14 тамыз 2018, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.