Атырау, 23 желтоқсан 09:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Шетелдік валютаға дүрлікпе сұраныс жоқ - Ұлттық банк

1 089 рет қаралды


Қазақстан Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков үкімет отырысы барысында Қазақстанда шетелдік валютаға дүрлікпе сұраныстың жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Соңғы аптада байқалған ауытқулардың нәтижесінде долларизация құрылымында айтарлықтай өзгерістер жоқ. Яғни, ұлттың валютаның долларға қатысты бағамының әлсіреуіне қарамастан айырбас бағамының рөлі мұнда айтарлықтай емес", - деді Олег Смоляков. 

Сондай-ақ, Ұлттық Банк төрағасының орынбасарының айтуынша, мамандар мамыр және маусым айларында теңгемен салынған депозиттердің саны артқанын байқаған.

"Біз қолма-қол валюта нарығында күнделікті бақылау жүргізіп отырамыз. Жағдай тұрақты, валюта да жетеді және шетелдік валюта тарапынан ешқандай дүрлікпен сұраныс байқалмайды", - деді Олег Смоляков.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 тамыз 2018, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.