Атырау, 23 желтоқсан 09:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қытайлық танктер Қазақстанда қайдан жүр? Министрліктің жауабы

2 372 рет қаралды


ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері қытайлық танктер тиелген пойыздарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желілерде Қазақстан территориясынан өтіп бара жатқан қытайлық танктер тиелген пойыз түсірілген видео пайда болған.  Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл видеода "Бейбіт миссия" оқу-жаттығуының өткізілу орнына бара жатқан ШЫҰ мемлекеттері қарулы күштерінің әскери қызметшілері мен олардың әскери техникасы түсірілген.  

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерінің "Бейбіт миссия" бірлескен лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындалу шеңберінде Қытай ұлт азаттық әскерінің бөлімшелері ҚР аумағы арқылы теміржол эшелонымен Ресей Федерациясы, Челябі облысының Шұбаркөл полигонына қозғалуды жүзеге асыруда. 

Жүру бағыты Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты, әрі қарай Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. ҚХР-дың эшелондарына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қарауылы еріп жүреді. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, "Бейбіт миссия" оқу-жаттығуына ШЫҰ Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері қарулы күштерінің 3 мыңнан аса әскери қызметшісі және 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника тартылды. Оқу-жаттығудың ниетіне сәйкес лаңкестердің билікті немесе мемлекеттердің бірінің аумақ бөлігін басып алуы жағдайында қатысушы елдер қарулы күштерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау қарастырылған. ҚР Қарулы Күштерінің эшелондарын биылғы 18 тамызда оқу-жаттығудың өткізілу орнына жіберу жоспарлануда", - деп хабарланған ведомство сайтында.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 тамыз 2018, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.