Атырау, 20 сәуір 17:09
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Судьяларды іріктеу ережесіне өзгертулер енгізілуде

1 238 просмотра


Барлық сот сатыларынан өткен нақты істер мен өрескел заңсыздыққа жол берген судьяларды атағанымда әлеуметтік желілер шулап кетті. Сондықтан судьяларды іріктеу ережесіне өзгертулер енгізілуде. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов әріптестеріне арнаған үнденуінде айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«13 шілдедегі жартыжылдық кеңесте барлық сот сатыларынан өткен нақты істер мен өрескел заңсыздыққа жол берген судьяларды атағанымда әлеуметтік желілер шулап кетті. Бұл сот актілері «қисық» шығарылған. Ешкім ештеңе түсінбесін деп, шешімнің тілін барынша күрделендіріп тастаған. Бұдан шығаратын қорытынды екеу. Судья не сауатсыз, яғни заңдар мен сот төрелігінің принциптерін білмейді, не ол біреудің мүддесін қорғаштайды. 

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді», дейді. Бізде де солай. Судьяның бір «солақай» шешімі бүкіл жүйемізге сын туғызып, жұмысын таза, сауатты жасап жүрген басқа судьялардың жұмысына зиянын тигізеді», - деген Жақып Асанов тіпті, заңдарды өзгертсек те ондай судьялардың тәртібін тез өзгерту екіталай екенін алға тартты.

Оның айтуынша, «қолмен басқару» режиміне көшіп, олардың санасын, ой-өрісін өзгертпесе болмайды.

«Біріншіден, қорытынды кеңесте аты аталған судьялар бойынша Сот жюриі тиісті тәртіппен олардың жауапкершілігін қарауда, екіншіден, алдағы уақытта да осындай істер мен фактілерді онлайн режимде көпшілік талқыға шығарамыз. Қыркүйек айынан бастап заңды аяққа таптаған әрбір судьяның атын атаймыз», - деген Жақып Асанов бұл мәжбүрлі шара екенін жасырмады.

Жоғарғы сот төрағасы хабарлағандай, мұндай қадамға бару маған да оңай емес.

«Мұның бәрі – сот төрелігінің мүддесі үшін. Мұндай қажеттілік кейін жойылатынына сенімдімін. Сол сәт неғұрлым тезірек келсе, одан ұтатын, ең алдымен, өзіміз», - деді ол.

Айта кетейік, өткен 8 айда бірде-бір судья жұмысқа қабылданбаған. Бүгінде вакансия көп – 10%, оған лайықтыларда жетерлік. Алайда, оларды дұрыс іріктеу мақсатында ЖСК-мен ереже түбегейлі өзгертілуде.

Дереккөз: Baq.kz

13 тамыз 2018, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.