Атырау, 28 наурыз 22:36
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Тобыл" ағылшын клубына күтпеген пиар жасағаны үшін алғыс білдірді

1 558 просмотра


Бұрындары да көкшетаулық "Оқжетпес" клубының формасын ағылшындық "Лестер" көшіріп алған еді.

"Тобыл" директоры Николай Панин қостанайлық клубтың ойын формасының дизайны ағылшын премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген "Уотфорд" клубымен бірдей болып шығуына байланысты пікір білдірді.

"Уотфорд" пен "Тобыл" клубтарының қонақта ойнайтын формасы барлық қырынан бірдей болып шықты, алайда қазақстандық клуб бұл формамен наурыздан бері өнер көрсетіп келеді. Ал ағылшындық клуб АПЛ жаңа маусымында тек 12 тамызда алаңға шығып, "Брайтон" командасын 2:0 есебімен жеңді. 

"Қазақстандағы Adidas өкілінің бізге түсіндіру бойынша, форма таңдау - бұл әр команданың өз таңдауы. Ағылшындық клубтың дәлме-дәл осы форманы таңдауда аса бір қиындықтар жоқ. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Қостанайлық клуб бұл формаға эксклюзивті құқығы жоқ, сол себепті ағылшын клубына күтпеген пиар үшін алғыс білдіру ғана қалды", - деп жазады "Тобыл" баспасөз қызметі Паниннің сөзін. 

Бұрындары да көкшетаулық "Оқжетпес" клубының формасын ағылшындық "Лестер" көшіріп алған еді. 

Дереккөз: vesti.kz

13 тамыз 2018, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.