Атырау, 23 желтоқсан 09:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында болған төтенше жағдайдың видеосы жарияланды

1 698 рет қаралды


Әлеуметтік желілерде Астанадағы "Нұрлы жол" вокзалында болған төтенше жағдайдың видеосы таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында жарияланды. Видеодан BMW жүргізушісінің вокзалдың шыныдан жасалған конструкциясын қиратып жатқаны түсірілген. 

Елордалық полицейлер осы деректі әкімшілік өндіріске алды. Көлік айыппұл тұрағына жіберілді. 

"Қазақстан Темір жолы" ҰҚ АҚ өкілдері жүргізушінің шыныдан жасалған конструкцияларды және вокзал кешеніндегі эскалаторлық жабдықтауды бүлдіргенін хабарлады. Мамандар келтірілген шығынды есептеп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 тамыз 2018, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.