Атырау, 14 қаңтар 00:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Даниал Ахметов Өскемен әкімі Тумабаевқа жұмыстан кетуді ұсынды

2 518 рет қаралды


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен әкімі Қуат Тумабаевқа жұмыстан кетуді ұсынды, - деп хабарлайды YK-News.kz

Мұндай ұсынысты Даниал Ахметов облыс әкімдігінің отырысы кезінде мәлімдеді. 

"Меніңше, Қуат Тумабаевтың осындай жоғары лауазымда отыруға моральдық құқығы жоқ. Мен оған өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуды ұсындым", - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Қуат Тумабаев Риддерде адам өлімімен аяқталған жол апатының куәгері болған еді. Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 15 сәуірінде шамамен сағат 21.00-де болды. 

Кейінірек Өскемен әкімінің адам қаққан шенеуніктің көлігінде болғаны анықталды. Жол апатынан ер адам қаза тапқан еді. 

Осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің этика жөніндегі кеңесінде Тумабаевтың қызметіне толықтай сәйкес еместігін мәлімдеген еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 тамыз 2018, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.