Атырау, 29 наурыз 13:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Талибан" өкілдері Өзбекстанда келіссөз жүргізген

1 188 просмотра


"Талибан" қозғалысының Қатардағы саяси кеңсесінің басшысы Шир Мұхаммад Аббас Станекзай бастаған делегация 6-10 тамыз аралығында Өзбекстанда жұмыс сапарымен болған.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) хабарлауынша, "Талибан" қарулы қозғалыс өкілдері Өзбекстан өкілдерімен қауіпсіздік, Ауғанстандағы қақтығысты реттеу және елден шетел әскерін шығару мәселелерін талқылаған. Келіссөзге Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Өзбекстанның Ауғанстандағы арнайы өкілі Исматилла Иргашев қатысқан.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев осыған дейін Ташкент Ауғанстан үкіметі мен "Талибан" қозғалысы арасында тікелей келіссөз жүргізуді ұйымдастыруға дайын деп бірнеше мәрте мәлімдеген.

Биыл маусымның ортасы - мұсылмандардың Рамазан айы аяқталған соң өтетін үш күндік Ораза айтында Ауғанстан билігі мен "Талибан" қозғалысы үш күн оқ атпау жөнінде келісімге келген. Сол күндері соңғы 17 жылда бірінші рет "Талибан" өкілдері Кабулға қарусыз кірген.

"Талибан" Ауғанстан аумағында ширек ғасырға жуық уақыт соғысып келе жатқан аймақтағы ең ірі әскери құрылымдардың бірі саналады.

Биыл 26 мамырда Ташкентте Ауғанстанға қатысты "Бейбіт процесс, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық және аймақтық өзара іс-қимыл" деп аталатын халықаралық конференция өткен. Конференцияға "Талибан" өкілдері де шақырылғанымен, олар келмеді.

Дереккөз: azattyq.org

13 тамыз 2018, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.