Атырау, 18 сәуір 11:35
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Теңге, қайда барасың: доллар 365 теңгеден сатылып жатыр

2 274 просмотра


Қазақстан ұлттық валютасының 13 тамыздағы бағамы бір АҚШ долларына 356,8 теңге болып бекітілді. Қазақстанның ұлттық валютасы одан әрі құнсызданып жатыр.

Дүйсенбі күні, kurs.kz сайтының мәліметінше, валюта айырбастау пункттерінде бір доллар 365-366 теңгеден сатылып жатыр.  

Қазақстан ұлттық валютасының 13 тамыздағы бағамы бір АҚШ долларына 356,8 теңге болып бекітілді.  

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша ол Америка ақшасына шаққанда 356,80 теңгеге дейін төмендеген еді (мерекелік және демалыс күндері, сондай-ақ түнгі уақытта валюта бағамы өзгермейді).

Үш жыл бұрын Ұлттық банк теңгені еркін айналымға жіберген болатын, содан бері валюта бағамын қалыптастыруға араласып жатқан жоқ. Егер жағдай ушығып кетсе, бағамды тұрақтандыру үшін валюта нарығында интервенция жасалуы мүмкін.   

Дереккөз: sputniknews.kz

13 тамыз 2018, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.