Атырау, 29 наурыз 11:45
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оралда 9 жасар бала бір аптада үш рет жол апатына түсті

1 366 просмотра


Полицейлер жас көлік ұрысының ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. 

Оралдық тоғыз жасар бала бір аптада үш көлікті айдап әкетіп, үш рет жол апатына түсті.

"Мой город" порталының мәліметінше, өткен жексенбіде бала Hyundai автокөлігін айдап әкетіп, жөнделіп жатқан жолға қойылған бетон блокқа соқтығысқан. 

"Қазір біз автокөліктің қожайыны кім екенін анықтап жатырмыз. Эвакуатор шақырдық. Апат орнына ювеналді полиция қызметкерлері келді. Олар баланы үйіне алып барады", — деп хабарлады тергеуші.

Бұған дейін баланы полицейлер автокөлік айдап әкеткені үшін екі рет ұстаған. Алғаш рет ол бөтен адамның Suzuki көлігін мініп кетіп, жеңіл көлікті соғып кеткен. Ол кезде әкесі оқиғадан аз ғана бұрын көбейту кестесін жаттап отырған баласының үйден қалай шығып кеткеніне таңғалған болатын. Екінші оқиға үш күннен кейін болды, 9 тамыз күні кешкі уақытта балақай Toyota микроавтобусын айдап әкетті. Жас көлік ұрысы рөлге ие бола алмай, көпірдің бетон тіреуіне соғылған соң ұсталған.

Дереккөз: sputniknews.kz

13 тамыз 2018, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.