AZATTYQ.ORG. «Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтайтын құжатқа қол қойылды» - Ақтауда бес ел басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияға қол қойды. Құжат теңізде әскер орналастыруға тыйым салып, оны экономикалық мақсатта игеруге мүмкіндік береді.
«Сарапшы: "Назарбаевқа теңіз түбіндегі қор маңыздырақ"» - Тамыздың 12-сі күні Ақтаудағы саммитте бес ел басшысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойғанымен, олардың арасында келісімді ратификациялауға қатысты күдік білдіргендер де болды. Азаттық кездесу қорытындысы туралы Ақтауға келген RFE/RL сарапшысы Брюс Панниермен сұхбаттасты.
«Сайрагүл ісі Астана мен Пекиннің қарым-қатынасына әсер ете ме?» - Батыс баспасөзі осы аптада Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың ісі мен Шыңжаңдағы жағдайдың Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа ықтимал әсерін талдаған. Бұған қоса, әлемнің аса ірі мұнай корпорациялары мұқият бақылап отырған ертең басталатын Каспий саммиті туралы да жазған.
«Каспий саммитінде де күмән сейілмеді» - Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды. Дегенмен, бес елдің бір арнаға тоғысып, келісімге келуіне кедергі болған мәселелердің кейбірі әлі де шешімін таппаған сияқты.
«Ташкент ондаған этникалық өзбекке елге баруға рұқсат етпей отыр» - Шетел азаматтарына айналған ондаған бұрынғы өзбекстандық елде туристік виза беру тәртібі оңайлады деген жаңалықтан қанаттанып, Ташкентке баруға жиналған. Бірақ оларға туған еліне кіруге рұқсат бермей қойған.
ABAI.KZ. «Әміржан Қосанов. Сонымен не болды өзі?» - Полицияны, яғни Ішкі істер министрлігін реформалау керек деген жер астынан жеті қоян тапқандай дүмпу шығып, бұған дейін нақты шендіге қарсы пікір айтпай жүрген әртүрлі ұйымдар кәдімгідей шулай бастады. Бір ғана шендіні ағаш атқа мінгізгісі келіп, «министр отставкаға кетсін!» деген сыңайдағы «серьезный» сөз саптала бастады. Не істемек керек?
«АҚШ-тың бүгінгі саясаты Қазақ хандығының саясатына ұқсайды» - Шетелдік БАҚ, әсіресе, Ресей баспасөзі Трампты "ақымақ, әумесер, қожанасыр" ретінде көрсетеді. Трамп – миллионер емес, миллиардер. Өте әккі және ақылды адам. АҚШ құқықтық кеңістігінде Трамп секілді мықты адам ғана миллиардер бола алады.
«Суворов ноғайларды қалай қырды?» - 1783 жылы патшаның пәрмен беруімен Суворов ноғай мемлекетін жойып жіберу үшін жорыққа аттанады. Ең алдымен император сарайында ноғайларды Орал өңіріне жер аудару жоспары жасалған. Патшаның оңтүстіктегі орынбасары князь Потемкин бұл жұмысты Суворовқа сеніп тапсырады. Бірақ тұтас бір ұлтты тұрғылықты жерінен жер аударуға бағытталған әрекеттің соңы Қанақай мырза, Тау сұлтан, Нұраддин, Мұса мен Қара Смайылдың басшылығымен болған үлкен көтеріліске ұласып кетеді. Ал жазалаушы жасақ орайын тауып, таңғы намазға жығылған көтерілісшілердің үстінен түседі.
«Полк басқарған тұңғыш қазақ» - Қасиетті Торғай жерінен түлеп ұшып, еліміздің игі мұраты үшін еңбек еткен аптал азаматтарды санап тауыса алмаспыз. Олардың арасында өткен ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қорғаныс істер саласының өркендеуіне һәм қалыптасып, қанат жаюына айрықша қолтаңбасын қалдырып, иісі қазақ жұртының арасынан алғашқылардың бірі болып арнайы әскери білім алғандардың қатарында менің атам Қоғабай Жоламановтың тұрғанын мақтан етемін.
AIKYN.KZ. «Каспий: теңіз бе, көл ме?» - Бес мемлекет президенттері бас қосқан Каспий саммиті басталды. КСРО ыдыраған соң, Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекет: Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түркіменстан теңізі мәртебесін айқындауға белсенді кірісті. 2002 жылы 23-24 сәуірде Ашхабадта Каспий жағалауы мемлекеттерінің алғашқы саммиті өтті. Бірақ Ашхабад саммитінде бірде-бір мемлекетаралық құжатқа қол қойылмады. Бес мемлекеттің басшылары «Каспийді жағалай орналасқан бес мемлекет те көздің қарашындай сақтауы тиіс» деп тарқасқан. Теңіздің проблемасы егжей-тегжейлі талқыланған.