Атырау, 27 сәуір 10:07
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Әбдірахманов Каспий маңындағы елдер маңызды шешім қабылдағанын айтты

1 124 просмотра


Бес елдің сыртқысаяси ведомствосының басшысы жиналып, Каспий саммитіне дайындық жұмыстарын қорытындылады. Каспий маңындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Каспий саммитіне дайындық жұмыстарын талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.  

Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммитінің қарсаңында қазақстандық тараптың төрағалығымен Каспий маңындағы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті.

Кеңестің жұмысына Әзербайжанның сыртқысаяси ведомствосының басшысы Эльмар Мамедъяров, Иранның — Джавад Зариф, Қазақстанның — Қайрат Әбдірахманов, Ресейдің — Сергей Лавров және Түркіменстанның — Рашид Мередов қатысып, алдағы жоғары деңгейдегі "Каспий бестігі" кездесуіне дайындық жұмыстарын қорытындылады.

"Бүгін біз ілгерілемелі келісімге ұмтылу және өзара тиімді шешімдерді табудың арқасында Каспий теңізіндегі өзара әрекеттесуге қатысты барлық мәселе бойынша консенсуске келе алдық. Бұның айғағы ретінде президенттерге қол қоюға ұсынылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы болып табылады", — деді Қ.Әбдірахманов. 

Атқарылған жұмыс Каспий маңындағы мемлекет басшыларының белсенді атсалысуы мен жеке көңіл бөлуінің арқасында жүзеге асырылғаны аталып өтті.

Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Бесінші Каспий саммиті барысында қол қою жоспарланған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерін жүзеге асыру бойынша тараптардың келешек әрекеттерін бейнелейтін хаттаманы қабылдады.

Дереккөз: sputniknews.kz

12 тамыз 2018, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.