Атырау, 29 наурыз 12:55
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Әзірбайжан мен Иран президенттері Ақтауға ұшып келді

1 814 просмотра


Әзірбайжан мен Иран президенттері Ақтауға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Халықаралық әуежайға бірінші болып Әзірбайжан көшбасшысы Ильхам Алиевтің ұшағы қонды. Қонақтарды күтіп алушы жоғарғы лауазымды тұлғалар арасында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев болды. 

Кейін Иран президенті Хасан Руханидің борты қонды.  Хасан Руханиді Қазақстан Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек күтіп алды. Жақын арада Владимир Путин мен Гурбангулы Бердымухамедов келеді деп күтіледі. 

Қазақстан Президенті Ақтауға 10 тамызда ұшып келді.  12 тамызда Ақтауда Бесінші Каспий саммиті өтеді. Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркіменстан басшылары Каспий мәртебесі Конвенциясына қол қойылады.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 тамыз 2018, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.