Атырау, 23 желтоқсан 09:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Ресейлік компания Қазақстанның 7 қаласына әуе рейстерін ашпақ

1 901 рет қаралды


S7 ресейлік әуе компаниясы 2019 жылдың жаз маусымына Қазақстанға ұшатын билеттерді сатуды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәскеу - Өскемен - Мәскеу  (Аптасына 4 рет Мәскеуден: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері; 

Өскеменнен: сейсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері ұшады), 

Мәскеу - Павлодар - Мәскеу (Аптасына 4 рет Мәскеуден: дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі, жексенбі күндері; 

Павлодардан: сейсенбі, бейсенбі, жексенбі, дүйсенбі күндері), 

Мәскеу - Орал - Мәскеу (сейсенбі, жұма, жексенбі күндері аптасына 3 рет  ары-бері ұшады), 

Мәскеу - Тараз - Мәскеу (Аптасына 2 рет Мәскеуден: сәрсенбі, жексенбі күндері; 

Тараздан бейсенбі, дүйсенбі күндері ұшады), 

Новосібір - Алматы - Новосібір (дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері күн сайынғы күндізгі және түнгі рейстер), 

Новосібір - Өскемен - Новосібір (аптасына 4 рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұмыс, жексенбі күндері барып-қайтып ұшады) 

Новосібір - Қарағанды - Новосібір (аптасына 3 рет дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері барып-қайтып ұшады), 

Новосібір - Шымкент - Новосібір (аптасына 2 рет сейсенбі, жексенбі күндері барып-қайтып ұшады)  

Дереккөз: inform.kz

10 тамыз 2018, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.