Атырау, 29 қараша 23:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Баланы зорлап, өлтірген үш педофилді жұрттың көз алдында жазаға тартты

2 463 просмотра


Үш азғын 10 жасар ер баланы секс-құлдыққа салған. Йеменде 10 жасар ер баланы зорлап, өлтірген үш педофилді халық алдында атып, денелерін кранмен биікке көтеріп, іліп қойды, деп хабарлайды Toronto Sun.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен суреттерде Сана қаласындағы орталық алаңға халық жиналып, жантүршігерлік өлім жазасына куә болған.

Үш ер адам Мосад Салех әл-Мотхананы секс-құлдыққа салғаны үшін айыпты деп танылды.

Йемен полицейлері үш еркекке көк киім кигізіп, төсенішке етпетінен жатқызып қойды. Осылайша, 10 жасар баланы зорлап, өлтірген педофилдер халық алдында жазаға тартылды.

Полиция офицері әр азғынның жүрегіне бес рет оқ атқан. Содан кейін үшеуінің денесін кранмен жоғары көтеріп, халық алдына іліп қойды. Бұл – басқаларға сабақ болсын деген мақсатта жасалатын шара.

Дереккөз: sputniknews.kz

10 тамыз 2018, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.