Атырау, 14 қаңтар 00:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Қарағандыдағы жол апатынан 6 адам қаза тапты

1 798 рет қаралды


Қарағанды облысының Қарағанды-Балқаш тас жолында ірі жол апаты болды. Оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Биылғы 10 тамызда «Қарағанды-Балқаш» тас жолында Бектау ауылынан 10 шақырым жерде «Lexus ES-300» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала жасалған болжам бойынша жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Nissan Juke» көлігіне соғылған. Екінші көлікті Алматы қаласының 43 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Lexus ES-300» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы, «Nissan Juke»-тың жүргізушісі мен жолаушылары оқиға орнында қаза тауып, «Nissan Juke»  көлігінің екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деді Қарағанды облысы ІІД. 

Жол-көлік оқиғасы дерегіне қатысты ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Дереккөз: inform.kz

10 тамыз 2018, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.