Атырау, 28 наурыз 21:09
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Депозитке ақша жинаушылардың саны артты

1 863 просмотра


Депозиттер көлемінің өсуі жылдың басынан бері алғаш рет оң аймаққа өтті – жарты жылдағы өсу 1,9%-ды құрады. Мұндай өсу жылдың басынан бері 8,2%-ға (751,5 млрд. теңге) өскен ұлттық валютадағы депозиттердің өсуіне ықпал етті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетел валютасындағы депозиттер 7,4%-ға қайта бағалауды есептемегенде 4,9%-ға қысқарды. Валюта құрылымындағы мұндай өзгерістер долларланудың жалпы деңгейінің маусымның қорытындысы бойынша 44,5%-ға дейін төмендеуіне әкелді.

Субъектілер бойынша жылдың басынан бері 3,2%-ға (263,8 млрд. теңге) өсіп жатқан халықтың салымдары өсу драйверлері болды. Халық депозиттерінің валюталық құрылымы валюталық салымдардың теңгемен салымдарға ауысуын ғана емес, теңгемен жаңадан ашылған депозиттердің ұлғаюын көрсетіп отыр. Мәселен, халықтың теңгемен депозиттерінің ағыны халықтың валюталық депозиттерінің нақты әкетілуінен асып кетеді, ал бірінші жартыжылдықта халықтан тартылған теңгемен ашылған депозиттер валютамен ашылғандардан 2 есе көп. Жеке тұлғалар депозиттерінің долларлануы маусымда 2014 жылғы ақпаннан бергі ең төмен 46,8%-дық мәнге жетті.

Жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі депозиттердің жалпы көлемінің 47%-н құрай отырып, 8 384,8 млрд. теңге болатын тарихи ең жоғары мәнге жетті. Бұл халықтың банк жүйесіне деген сенімінің артқанын білдіреді. Бүгінгі күні депозиттер халық үшін кірістілігі жоғары, қаражаттың сақталуын қамтамасыз ететін тартымды құрал болып табылады.

Заңды тұлғалардың депозиттері де жылдың басынан бері 0,8%-ға ұлғая отырып, өсудің оң аймағын көрсетті (3-график). Бұл үрдіс шетел валютасындағы депозиттердің 2,5%-ға қысқаруы аясында ұлттық валютадағы депозиттердің 3,4%-ға өсуімен байланысты. Нәтижесінде валюталық депозиттердің үлесі 42,4%-ды құрады.

Дереккөз: Baq.kz



10 тамыз 2018, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.