Атырау, 23 желтоқсан 09:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Алматыда төрт Gelandewagen жол бойында тұрып алып кептеліс туғызған

1 634 рет қаралды


Жол ортасында кептеліс туғызған Gelandewagen жүргізушілеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«17:45 пен 17:48 аралығында ІІД Орталық ақпараттық басқармасына Төле би көшесі мен шығыс айналма жолы қиылысында батыс бағытта 4 Mercedes Gelandewagen көлігі тұрғаны туралы хабарланған. Көліктер жол қозғалысына кедергі келтіріп, кептеліс туғызған», - деді қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев. 

Оның айтуынша, аталған ақпаратты тексеру мақсатында аталған учаскеге мамандандырылған батальонның автоэкипажы жіберілді. Оқиға орнында 4 автокөлік тұрғаны анықталды. 

«Жүргізушілерге ҚР ӘқК 597-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізушілер 31 мен 43 жас аралығындағы ер адамдар -Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Олар жол ережесін бұзғандарын бірден мойындарына алды. Мұндай әрекеттерін білместіктен болғанын түсіндірді», - деді ол.

Дереккөз: inform.kz

10 тамыз 2018, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.