Атырау, 25 сәуір 11:53
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Астананың білім басқармасы оқулықтарды жеткізуге қатысты мәлімдеме жасады

1 098 просмотра


Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мектеп оқулықтарын уақытында жеткізуге қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

"Негізі, біз оқулықтарды жеткізу бойынша барлық келісімшарттарды рәсімдедік. Кітаптардың басым бөлігі Алматыдан келеді. Қазір жеткізуші компанияның өкілдері сол жақта жүр. Олар баспаxаналарды аралап, оқулықтарды жинап жатыр. Жоспар бойынша келесі аптада барлық оқулықтарды жеткізіп береді. Сөйтіп, қала мектептеріне таратамыз. Сондықтан жаңа оқу жылына дейін үлгереміз. Ешқандай қиындықтар болмайды", - деді Ә.Жанғозин ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, Үкіметтің соңғы отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әкімдіктерден оқулықтарды уақытында жеткізуді сұрады. Себебі кейбір аудандарға мектеп оқулықтарын жеткізу жұмысы ұзарып кетуі әбден мүмкін. Оның ішінде Астана қаласы да бар. 

"Негізі, оқулықтарды жеткізу - әкімдіктердің жауапкершілігіне жататын мәселе. Жалпы, облыстар кітаптарды жеткізу бойынша көлік компанияларымен келісімшарттарды рәсімдеді. Бірнеше өңірлер, оның ішінде Астана қаласы, Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы, Түркістан облысының төрт ауданы осы күнге дейін бұл жұмысты бастаған жоқ. Жаңа оқу жылына дейін 20 күн қалды. Сондықтан аталған жерлерге оқулықтарды уақытында жеткізбеу қаупі бар. Жергілікті атқарушы органдардың барлығынан осы мәселеге назар аударуды сұраймын", - деп атап көрсетті Е.Сағадиев.

Дереккөз: inform.kz

10 тамыз 2018, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.