AZATTYQ.ORG. «Каспий конвенциясы түйткілдің бәрін шеше ме?» - Бұл күнге жету үшін 20 жыл уақыт керек болды. Тамыздың 12-сі Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан басшылары Қазақстанның Каспий жағалауындағы Ақтау қаласында бас қосып, Каспий теңізінің заңдық мәртебесі туралы конвенцияға қол қояды.
«Каспий саммитінде Қазақстанның көздегені не?» - Тамыздың 12-сінде Ақтауда Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан мен Иранның президенттері бас қосып, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаға тырыспақ. Ширек ғасырдан астам уақытқа созылғанкеліссөз кезінде Қазақстанның көздеген мүддесі қандай? Бұл туралы Азаттық Каспий теңізіне қатысты дауды бақылап келе жатқан саясаткер, Сенаттың бұрынғы депутаты Уәлихан Қайсармен сұхбаттасты.
«Біріккен банктегі қарбалас әлі тарқамады» - Халық банк пен Qazkom қосылғалы бері банктердегі кезек азайған жоқ. Банктің әлеуметтік желідегі парақшалары да клиент шағымдарына толы. Банк басшысы “жағдайдың күн сайын жақсарып келе жатқанын” мәлімдеді.
ABAI.KZ. «Құрық порты – Транскаспий дәлізінің маңызды бөлігі» - Құрық порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан Ақтау портының оңтүстігіндегі табиғи шығанақ. Ауа райы қолайлы болған соң мұнда жыл он екі ай тоқтаусыз автокөлік пен теміржол паромы жұмыс істейді. Осы орайда Baq.kz тiлшiсi Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамасы Құрық порты мен ондағы паром кешені туралы шолу жасап көрген едi.
INFORMBURO.KZ. «Бесінші Каспий Саммиті: Теңіздің мәртебесі туралы келісімге қол қойыла ма?» - Осы жексенбіде Ақтауда жиналған Каспий бестігі теңізді бөліседі. Алдын-ала келісімге де келген бес елдің мүддесі қалай шешіледі? Сарапшылар не дейді?
«Қазақ отбасында әкенің орны қандай болған? Қазір қандай?» - "Отағасы" деген атқа лайық ер азаматтар азайған, отбасындағы әкенің рөлі төмендеген. Өйткені оның отбасындағы орнын табысы анықтайтын болды.
QAZAQTIMES.COM. «Елдес Орда: Қытай мемлекет пен партиясын сақтау үшін лауазымды тұлғаларын құрбан етуі мүмкін» - Қытай қазіргі кезеңде бірқатар тарихи күрделі мәселелерге тап келіп отыр. Оңтүстік Қытай теңізі қайшылығынан тартып, Оңтүстік Тынық мұхит аралды елдері үшін АҚШ және Аустралия (Австралия) елдерімен болған бәсеке, Азиядағы Қытай-Үндістан бәсекелестігі, Үнді-Тынық мұхиттағы лидерлікке талас, сондай-ақ, «Бір белдеу, бір жол» аясында Орталық Азия, Орта-Таяу Шығыс елдерімен қалыптасқан жаңа қатынас қатарлы. Ең маңыздысы қазір АҚШ-Қытай арасында сауда соғысы басталды. Қытайдың ішінде әлеуметтік толқулардың алғашқы бейнелері көріне бастады. Осыларға байланысты Қытай билігінің қолдануы мүмкін шаралары туралы Елдес Орданың бірқатар соны пікірлерін ұсынып отырмыз.
QAMSHY.KZ. «Газеттен күдер үзу – үлкен қателік» - Биыл бұрынғы Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінің алғашқы нөмірі жарық көргеніне 45 жыл толып отыр. Атаулы күн қарсаңында облыстық газеттің заңды мұрагері аймақтық «Сарыарқа» газетінің бас редакторы Дархан МҰХАНМЕН сұхбат құрған едік.
«48 адамды өрттен алып шыққан қаһарман қазақ жігіті Ресейде қаңғырып жүр» - Өзімен бірге құжаты, темір тұлпар сатып алуға жинаған қаражаты болған Ержан бәрінен айырылыпты, қысқасы. Қазір түгі жоқ. «Тіпті басымдағы кепкам да өртеніп кетті. Автобустағы адамдар «саған ақша жинап, көмектесейік» деді. Бірақ мен көмектен бас тарттым. Енді құжаттарымды қайта қалыпқа келтіру үшін біраз жүгірейін деп тұрмын. Ал, ақшама келетін болсақ, ол ақша менде болғанын әлі дәлелдеуім қажет екен» деп қынжылыпты.
ALASHAINASY.KZ. «Нағыз масқара: Жұбаныш Жексенұлы қазақ шоу бизнесіндегі былықты жайып салды» - Танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы "Қазақ үні" газетінде жазылған мақаласда қазақ шоу бизнесі мен қазіргі әншілердің деңгейі туралы сөз қозғады. Айтуынша, бүгінгі күннің әншілердің деңгейі той-томалақтың төңірегінен әрі дамымай отыр деп жазады NUR.KZ.