Атырау, 14 қаңтар 00:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстандық әйелдерге қатысты іс бойынша келесі сот тыңдауы биыл қазан айында өтеді

1 813 рет қаралды


Америка Құрама Штаттарында ұсталған үш қазақстандық әйелге ақшаны жылыстатуға қатысы бар деген айып тағылған. Диора Әшірова, Әзиза Жалолова және Елена Құдайбергенованың ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы 8 тамызда өтіп, ұсталғандарға тағылған айып оқылды.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, келесі сот тыңдауы биыл қазан айында болады. АҚШ-та ұсталған қазақстандық әйелдер қанша жылға сотталуы мүмкін?

"Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы азаматтарымызға қажетті жәрдем көрсетіп, олардың туыстары және адвокаттарымен үнемі байланыста отыр", – деп мәлімет берді Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы.

Қазақстандық әйелдер Нью-Йоркте аса ірі алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын. Ақшаның ізін жасыру бойынша қылмыстық схемаға араласқаны үшін олар 20 жылдан 30 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Дереккөз: sputniknews.kz

9 тамыз 2018, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.