Атырау, 19 сәуір 19:05
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

ШҚО-да лауазымды тұлғалар Қытайдан Қазақстанға тауар өткізу үшін 13 млн теңге пара алған

1 549 просмотра


Кәсіпкер кеден бекетінің бас маманы мен экономикалық қылмыстарды тергеу қызметінің аға офицеріне жүйелі түрде пара беріп келген. 

Шығыс Қазақстан облысында лауазымды тұлғалар Қытайдан Қазақстанға тауарларды кедергісіз өткізу үшін кәсіпкерден жүйелі түрде пара алып отырған. Параның жалпы сомасы 40 мың доллар немесе 13 миллион теңгеден асады. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті лауазымды тұлғаларының қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесті.

"2016-2018 жылдар аралығында жеке кәсіпкер ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық қылмыстарды тергеу қызметінің аса маңызды істері жөніндегі аға офицеріне және Майқапшағай кеден бекетінің бас маманына Қытайдан Қазақстанға тауарларды кедергісіз өткізу және қамқорлық жасағаны үшін жүйелі түрде пара беріп отырған. Параның жалпы сомасы 40 мың АҚШ долларын құрайды", — деді Жахин брифингте. 

Қазіргі таңда үш күдікті қамауда, аталған фактіге қатысты тергеу жүргізілуде. 

"Күдіктілердің офистерін, тұрғылықты жерлерін және көліктерін тінту барысында 13 миллион теңгеден астам соманы құрайтын шетел валютасы тәркіленді", — деді ол.

Сондай-ақ брифинг барысында мемлекеттік кірістер департаментінің тағы бір қызметкеріне қатысты  қозғалғаны белгілі болды. 

"Астананың мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі офицерінің қылмысы әшкереленді. Күдікті 30 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алмақшы болған. Бұл іс бойынша тергеу мүддесіне байланысты ақпарат жария етілмейді", — деді Жахин.

Дереккөз: sputniknews.kz

8 тамыз 2018, 18:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.