Атырау, 23 желтоқсан 09:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші полицейді соққыға жықты

1 691 рет қаралды


Алматыда Түрксіб аудандық сотында 27 жастағы автожүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ер адам полиция қызметкерін соққыға жыққаны үшін айыпталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Іс материалдарына сәйкес, биыл шілдеде ер адам әуежай автотұрағында тұрып, жол ережесін бұзған. Мұны байқаған кезекші полиция қызметкері жүргізушіні тоқтатып, құжатын көрсетуді талап еткен.  

Алайда, жүргізуші оқиға орнына тайып тұрмақ болған. Сол сәтте полиция қызметкері өзінің көлігімен Lexus көлігін шығармай, бөгеп қалған.  

«Ер адам көлігін бұрам дегенде басқа көлікті соғып кеткен. Содан соң көліктен түсе сала полиция қызметкерін 3-4 рет ұрып жіберген. Төбелес шығарған ер адамды сол жердегі полиция қызметкерлері ұстап алды», - деді сот қаулысында.  

Сотталушы сотта өзінің кінәсін толығымен мойнына алды. Полиция қызметкері болса, өзін ұрған ер адамды кешіргенін айтып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.  Сот ҚР ҚК 380-бабымен қозғалған қылмыстық істі қарауды тоқтатты.

Дереккөз: inform.kz

8 тамыз 2018, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.