Атырау, 29 наурыз 14:16
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Астанада көз жұмған 4 жас ана сəбилерінің жағдайы белгілі болды

1 968 просмотра


Бүгін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Əлия Рустемова жазда елордада қатарынан қайтыс болған 4 жас ана сəбилерінің халі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бірінші көз жұмған жас ананың сəбиі неврологиялық патологиямен əлі №1 перинаталдық орталықта жатыр. Халі – орташа ауыр. Жағдайы біртіндеп жақсаруда. Екінші сəби қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылған. Үшінші сəби де №1 перинаталдық орталықта жатыр. Оның халі орташа, тұрақты. Сəбиді біраз бақылағаннан кейін шығарамыз. Төртінші қайтыс болған ананың нəрестесінің халі қанағаттанарлық. Ол ауруханадан шығарылды», - деді Əлия Рүстемова №1 перинаталдық орталықта өткен баспасөз мәслихатында.

Маманның айтуынша, жас ана өлімдерін тексеріп жатқан республикалық комиссия жұмысы əлі аяқталған жоқ. Комиссия құрамына 10-ға жуық адам кіреді. Олар екі объектіні тексеріп жатқандықтан6 комиссия жұмысының нәтижесі 20 тамызға қарай жарияланады.

Еске сала кетсек, жазда Астана қаласының медициналық мекемелерінде қатарынан төрт жас ана қайтыс болды. Олардың үшеуі елордалық №1 перинаталдық орталықта көз жұмса, тағы бір әйел №2 перинаталдық орталықта жан тапсырған. Осыған байланысты №1 перинаталдық орталық перзентханасының жұмысы тергеп-тексеру жүргізу үшін 10 күнге тоқтатылған болатын. Сондай-ақ, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқан арнайы комиссия шілде айының соңында жұмыс қорытындысын шығарады делінген болатын. Қайтыс болған аналардың сəбилері аман қалған еді.

Дереккөз: Baq.kz

8 тамыз 2018, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.