Атырау, 29 наурыз 04:52
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Иран Қазақстан үшін виза алу тәртібін жеңілдетті

1 980 просмотра


Иран қазақстандық кәсіпкерлер үшін виза режимін жеңілдеткен. Бұл туралы Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилу айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз екі мемлекеттің азаматтары үшін виза режимін жеңілдету туралы келіссөз жүргіздік. Нәтижесінде тиісті құжатқа қол қойдық. Онда қос мемлекеттің кәсіпкерлері үшін жеңілдетілген виза тәртібі енгізілетіні көрсетілген. Сондай-ақ біз екі ел азаматтарының жүріп-тұруын жеңілдетуге мүдделіміз. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда Иран көрші мемлекетермен толығымен визасыз режим енгізу бағытын ұстанып отырғанын атап өткім келеді», - деді елші Ақордада.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтағалы отырған Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилумен кездесті.

Дереккөз: Baq.kz

8 тамыз 2018, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.