Атырау, 29 наурыз 14:00
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қасымов Денис Теннің ісі бойынша ұсталған үшінші адам туралы айтып берді

1 301 просмотра


Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша ұсталған үшінші күдікті Жанар Толыбаева Алматыға Жамбыл облысынан келіп, даяшы болып қызмет атқарған. Бұл туралы ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымов Алматыда өткен жиналыс барысында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Оның мәліметінше, қылмыс 2018 жылы 19 шілдеде 14:56-да болған.

"22:30-да біз бірінші қылмыскерді ұстадық. Сол арқылы біз осы іске қатысы бар бір адамды анықтадық. Бірінші жауап алу кезінде ол бізге барлығын айта қойған жоқ. Үшінші қылмыскермен жағдай қиындау болды. Бірінші түнін ол сайда өткізген. Кейін мекенжайын ауыстырып отырған - бірінші ықшамаудан, екінші ықшамаудан. Оны ұстау қиын болды. Сол себепті "Ақсай" ықшамауданында армиялық операция жүргізуге тура келді. Ұлттық гвардия қосылды. 18:40-та басқа мекен-жайға ауысқалы жатқанда ол ұсталды.  Бұл істегі үшінші адам - әйел, ол Жамбыл облысынан. Жазда осында келіп, даяшы болып жұмыс істеген. Олар барлығы кездескен. Мына екеуі көлік айнасын ұрлаумен айналысқан", - деді ІІМ басшысы.  

2018 жылы 25 шілдеде Жанар Толыбаева екі айға қамауға алынды. 

"Алмалы аудандық соты Толыбаеваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") және ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша күдікті санап, екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын мақұлдады", - делінген сот хабарламасында.  

Бас прокурордыңорынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, қыз бала қылмыс туралы хабарламағаны үшін күдікті қатарына енген. 

"Қажетті деректердің барлығы жиналды, қазіргі уақытта прокурор олардың заңдылығын тексеріп жатыр. Сол қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын бұйырды", - деді Марат Ахметжанов. 

Осыған дейін Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновтардың осы іске қатысты күдікті ретінде ұсталғаны хабарланды. Екеуі де өмір бойына сотталуы мүмкін. 

Дереккөз: tengrinews.kz

8 тамыз 2018, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.