Атырау, 29 наурыз 17:31
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қапшағайда шарасыз әйелді қорлаған баланы полиция іздестіріп жатыр

Бейнежазба
1 642 просмотра


Алматы облысы ІІД қызметкері аялдамада әйелді қорлап жатқан баланың видеосына қатысты пікірін білдірді, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Ведомстводағылар баланы іздестіріп жатқанын хабарлады.  

"Қазіргі таңда баланы іздестіру шарасы жүріп жатыр. Оған ювенал полициясы, қоғам мен білім беру өкілдері қосылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша ата-ананың немесе басқа заңды өкілдерінің кәмелет жасына толмаған балаларды тәрбиелеу және үйрету жөніндегі жауапкершілігін орындамағаны үшін жауапқа тартылу қарастырылған", - деп хабарлады Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнева.  

Алдын ала 7 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, яғни 16 835 теңге. Желіде 6 тамызда баланың шарасыз әйелді кемсітіп тұрғаны түсірілген видео пайда болды. Болжам бойынша, оқиға Қапшағайда болған. 

Видеоға қарағанда, іс-әрекет аялдамада болған.  Бала әйелге жақындап, қолын созып, тебеді. Әйел оған айраны бар бөтелкесін береді. Біраз уақыттан кейін бала қайта келіп, сол берген айранды әйелдің үстіне төгеді. Содан кейін ол қайтадан оралып, үстіне тағы бір сусын құйып, әйелге бөтелке лақтырады.


Дереккөз: tengrinews.kz

7 тамыз 2018, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.