Атырау, 20 сәуір 03:57
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

ҰБТ-дан 25 және 26 балл алған түлектер оқуға түсті

1 965 просмотра


Сынақтан төмен балл алып қалған түлектер Қазақстанда тегін білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Ұлттық бірыңғай тестілеуден 25 балл алған түлек грантқа оқуға түсті.

25 балл алған талапкердің есімі мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімінде жазылған. Ол енді "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша білім алады.

Болашақ студент Қазақстан азаматы емес, бірақ қазақ ұлтынан шыққан талапкерлерге бөлінген квотаға ие болған.

Биыл қазақ диаспорасының 862 өкілі Қазақстанда жоғары білім алуға грант алды.

Олардың арасында  133 балл жинаған түлек те бар. Кей оқушылар төмен нәтиже көрсетіп, небәрі 25, 26 және 27 балл алған екен.

Грант иегерлерінің толық тізімі дүйсенбі күні электронды форматта жарияланды.

Дереккөз: sputniknews.kz

6 тамыз 2018, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.