Атырау, 27 наурыз 00:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

​Алматыда 7 көлікті қиратып кеткен жүргізуші өзін жайсыз сезінген

1 257 рет қаралды


Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Назарбаев даңғылында бірнеше көлікті қиратып кеткен жүргізушінің жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл жағдай қалалық әкімдіктің ғимараты маңында болған еді. Дәрігерлердің айтуынша, жүргізуші өзін жайсыз сезінген. 

"Жүргізушіге көмек көрсетілді. Алдын-ала қойылған диагноз - өзін жайсыз сезінген. Ол ауруханаға жатудан бас тартты, бірақ амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деп хабарлады Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы әкімдігінің маңында жүк көлігінің 7 автомобильді қиратып кеткені хабарланған болатын. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, қиратылған көліктердің ішінде ешкім болмаған.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 тамыз 2018, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.