Атырау, 17 мамыр 10:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​Le Figaro газеті Әблязовтың тергеуге шақырылғаны жайлы хабар таратты

1 086 просмотра


Бас прокуратура Мұхтар Әблязовты тергеуге Le Figaro атты француз газеті арқылы шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы газетте 2018 жылдың 3 тамызында жарияланды.

"Еске сала кетейік, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 3-бабына сәйкес, күдіктінің Қазақстан Республикасы аумағынан тыс болуына байланысты және оның сотқа дейінгі тергеу органына келуден жалтаруына байланысты күдіктінің тергеуге келуі тиіс екені жайлы БАҚ-тарда жарияланады. 2018 жылдың 3 тамызында Le Figaro газетінде Әблязов мырзаға 2018 жылдың 16 тамызында сағат 15.00-де ҚР Бас прокуратурасына тергеуге келу қажетті жайлы хабарлама жарияланды", - деп хабарлады ведомство өкілдері. 


Осыған дейін Бас прокуратура өкілдері Мұхтар Әблязовты тергеуге шақырған болатын. 

Айта кетейік, күдікті тергеу шарасына қорғаушысын шақыра алады немесе қорғаушы беру туралы өтініш жаза алады. Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, тапсырмасы бойынша қатысатын өзге де тұлғалар шақырмайтын болса, қорғаушыны орган береді. 

Егер белгіленген уақытта келуге кедергі қандай да бір себеп болса, қорғаушыны қатыстыру жөнінде өтініш болса, күдікті немесе оның заңды өкілі қылмыстық тергеуді жүргізетін органға алдын ала ескертуі тиіс. Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасының өкілдері Мұхтар Әблязовтың шетелде сот төрелігінен жасырынып, құқыққа қайшы әрекет жасауды жалғастырып отырғанын мәлімдеді. Сот ҚДТ-ны экстремистік ұйым деп таныды. 

Сонымен қатар, ҚДТ жарияланымдарын таратқандардың қылмыстықжауапқа тартылатыны туралы қазақстандықтарға ескертілді.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 тамыз 2018, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.