Атырау, 23 желтоқсан 07:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Индонезиядағы жер сілкінісінен Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ - СІМ

1 751 рет қаралды


Индонезиядағы жер сілкінісінен кейін қаза болған немесе жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне  ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Индонезияның табиғи апатпен күрес жөніндегі агенттігінің  алдын ала ақпаратына сүйенсек, жер сілкінісі салдарынан қаза болған немесе жарақат алған Қазақстан азаматтары тіркелмеді. Олар бұл жайында Қазақстан консулына тиісті мәліметтерді ұсынды. Бүгінде Индонезия билігімен үнемі байланыста отырмыз. Егер де сол елден ақпарат болған жағдайда, қосымша хабарлаймыз», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінде. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен жексенбі күні индонезиялық Ломбок аралында қатты жер сілкінісі тіркелді. Апат салдарынан қаза тапқан адамдар саны 91-ге жетті. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Ломбок аралында 6,6  балдық жер сілкінісі болған. 

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Матарам қаласынан (319 мың тұрғыны бар) солтүстік-шығысқа қарай 49 шақырым жерде орналасқан. Зілзала ошағы -  10 шақырым тереңдікте.

Дереккөз: inform.kz

6 тамыз 2018, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.