Атырау, 23 желтоқсан 07:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қорғаныс министрлігінің комиссиясы гарнизондарда тексерісті бастады

1 702 рет қаралды


Комиссия жауынгерлердің даярлығын, оқ-дәрілердің сақталу шарттары мен әскери техникаға сапалы қызмет көрсетілуін тексерді. Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Қарағанды және Сарыөзек гарнизондары әскери бөлімдерінің нысандарын тексерді.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған бір топ комиссия гарнизондардың әскери бөлімдерін тексерді.   

Сапардың негізгі мақсаты жауынгерлік даярлық іс-шараларының барысын, әскери бөлімдер мег құрамалардың оқу-материалдық базасының жай-күйін, оқ-дәрілердің сақталу шарттары және қару-жарақ пен әскери техникаға сапалы қызмет көрсетілуін тексеру болды. Тексеру нәтижелері бойынша Бас штабтың бастығы әскерлердің жауынгерлік әзірлігін әрі қарай арттыру жөнінде тапсырмалар берді. 

Дереккөз: sputniknews.kz

3 тамыз 2018, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.