Атырау, 23 желтоқсан 07:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсалиевтың үйқамақ мерзімі ұзартылды

1 910 рет қаралды


Энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтың үй қамауында ұстау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 

"Астананың Алматы аудандық № 2 соты Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтың үй қамауында ұстау мерзімін 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұзартты", - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер. 

Еске сала кетейік, осыған дейін энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен бірнеше лауазымды тұлға жемқорлық дерегі бойынша ұсталғаны хабарланған еді. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Энергетика министрлігінің бірнеше лауазымды тұлғасын ұстады. Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Д.Дуанбекпен біріге отырып, бюджеттен аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырған. Ол қаражат Щучинск-Бурабай курорттық орнында өзенді тазалауға арналған қаражат болған. Осы қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков мен мердігер компанияның өкілдері С.Жұмалинов мен Б.Қадырберлин қатысқан. Сәдібеков қол қойған жалған актілердің нәтижесінде Энергетика министрлігі 2017 жылы орындалған жұмыстардың үлкен көлемі үшін 3,6 миллиард теңге төледі. Осы сомадан 1 миллиард теңгеден аса ақша қолма-қол төлемге айналдырылған. Тексеріс кезінде бұл ақшалар тәркіленді", - делінген еді ведомствоның хабарламасында.

Дереккөз: tengrinews.kz

3 тамыз 2018, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.