Атырау, 23 желтоқсан 07:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Талғарда туберкулезбен ауырған балалар дәрігердің кесірінен шипажайға бара алмаған

1 175 рет қаралды


Алматы облысы Талғар ауданындағы туберкулезбен ауырған 200 бала тиісті сауықтыру шараларын ала алмай жүр. Оған себеп жергілікті шенеуніктер өз балаларын арнайы шипажайда демалтып келген. 

Прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, өткен оқу жылында 114 сау бала осындай «сауықтырудан» өткен. Арнайы тексеріс барысында тағы 80-ге жуық баланың орталыққа заңсыз орналастырылғаны белгілі болды. 

Прокурорлар Талғар аудандық аурухананың фтизиатр дәрігері жалған анықтама беріп келгенін, ал шипажай директоры сап-сау балаларды сауықтырып отырғанын анықтады. Қазір аталған дәрігер жұмыстан босатылды. 

Директордың ісі бойынша «Қызметін асыра пайдалану» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: 24.kz

3 тамыз 2018, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.