Атырау, 23 желтоқсан 07:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Тағы бір банкте жатқан ақшамызды кері қайтарамыз - Самұрық-Қазына

1 639 рет қаралды


Әзірше қор басшылығы ол банктің атауын жарияламай отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

"Біз тағы бір банкпен келісімге қол қойдық. Оған сәйкес, әзірше қай банк екенін айта алмаймыз. Алайда осы келісім іске асқаннан кейін біз барлық ақпаратты жариялаймыз. Шамамен, қыркүйектің соңында аталған мәселе бойынша толық мәліметті береміз", - деді қаржы және экономика жөніндегі директор Ернар Жаңаділ Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында. 

Айта кетейік, бүгінгі шарада Е.Жаңаділ "Қазкоммерцбанк" АҚ-сынан 117 млрд теңге көлеміндегі бұғатталған депозиттерді жауып, ақшаның кері қайтарылғанын жеткізді. 

Бұдан бөлек, тағы бір банктен тура сондай 220 млрд теңге кері қайтару жоспарланған. Ол ақшаның бәрі қаржы Қазақстан теміржолына (75 млрд теңге), Қазақтелекомға (75 млрд теңге) және Қазатомөнеркәсіпке (200 млн доллар) қарызға беріледі.

Дереккөз: inform.kz

3 тамыз 2018, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.