Атырау, 20 мамыр 19:26
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Қайрат" Еуропа лигасының үшінші кезеңіне жолдама алды

1 321 просмотра


Алматылықтар Нидерланды командасынан 1:2 есебімен жеңілді, алайда қос ойынның нәтижесі бойынша жарысты жалғастырады. 2 тамыздан 3 тамызға қараған түні Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойынында Алматының "Қайраты" сырт алаңда Голландияның "АЗ Алкмаар" командасымен кездесті.

Алматылықтар Нидерланды командасынан 1:2 есебімен жеңілді. Дегенмен қос ойынның нәтижесімен "Қайрат" жарысты жалғастыратын болды, деп жазды prosports.kz.

Ойынның 28-ші минутында Бауыржан Исламхан есепті 11 метрліктен ашты. Алаң иелерінен Тил Гуус 41-ші минутта бұрыштамадан есепті теңестіріп кетті. Одан кейін Коомпейнерс пенальтиден гол соқты.

Алматыда өткен алғашқы кездесуде "Қайрат" 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. 

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Қайрат" Чехияның "Сигма" командасымен кездеседі. Алғашқы матч 9 тамызда Оломоуцте, ал 16 тамызда Алматыда өтеді.

АЗ (Алкмаар, Нидерланды) — "Қайрат" (Алматы, Қазақстан) 2:1 (1:1)

Голдар: Исламхан пенальти 28 (0:1), Тил 41 (1:1), Коомпейнерс пенальти 90+4 (2:1)

Ескерту: Бизот 27, Оуведжан 56, Мидтше 75 — Плотников 62, Исаэль 65, Вороговский 90+1

"АЗ": Марко Бизот (Қ) — Рон Влаар, Юнас Свенссон, Томас Оуведжан, Пантелис Хацидиакос — Теун Коопмейнерс, Фредрик Мидтше, Гуус Тил (К) — Уссама Идрисси, Фред Фрайдей, Дорин Ротариу.

"Қайрат": Владимир Плотников (Қ) — Ян Вороговский, Шелдон Бато, Сергей Политевич, Гафуржан Суюмбаев — Исламбек Қуат, Хуан Фелипе, Бауыржан Исламхан (К) — Исаэль Барбоза, Андрей Аршавин, Адеринсола Эсеола.

Бас төреші: Димитар Мечкароски (Македония)

2 тамыз. Алкмаар. "АЗ-Стадион". 

Дереккөз: sputniknews.kz

3 тамыз 2018, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.