Атырау, 1 маусым 13:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +27
$ 447.25
€ 485.18
₽ 4.96

Астанада құрылысы бітпей құлаған коттедждің заңсыз салынып жатқаны анықталды

1 153 просмотра


Коттедж иесінің құрылысқа рұқсат етуші тиісті құжаттары болмаған. Астана полициясы салынып жатқан коттеджің құлауына байланысты сотқа дейінгі тергеу барысында анықталған жайттар туралы мәлімдеді.

Оқиға сәрсенбі 1 тамызда кешкі сағат 8 кезінде Балқантау көшесінде болған. Коттеджің монолит қабырғасы құрылысшылардың үстіне құлап кетіпті. 1970, 1983 және 2000 жылдары туған үш адам үйінді астында қалып қойған. Әртүрлі жарақат алған олар ауруханаға жеткізілді.

"Құрылыс нысанының иесі кім екені анықталды, бірақ ол ешқандай құқық белгілеуші немесе рұқсат құжаттарын көрсеткен жоқ. Сонымен бірге, полицейлер анықтағандай, нысан иесі зардап шеккен жұмысшылармен еңбек шартын жасаспаған екен", — деп хабарлады Астананың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Төтенше оқиға дерегі бойынша ҚР ҚК 156-бабына (еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеулер жүріп жатыр.

Зардап шеккен құрылысшылар – Қазақстан азаматтары.

Дереккөз: sputniknews.kz

2 тамыз 2018, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.