Атырау, 23 желтоқсан 07:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Әзірбайжандық қылмыс әлемінің серкесі Щучинскіде ұсталды

1 573 рет қаралды


Грузия мен Әзірбайжан аймағында қылмыс жасаған ұрыны қазақстандық құқық қорғау органдары ұстады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі ресми ІІМ өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.  

Оны Щучинск қаласындағы бір қонақжайда Ақмола облысының ІІМ, ҰҚК,ІІД қызметкерлері ұстады деп хабарланды. ІІМ өкілдерінің айтуынша, ер адам өзін атаулы "заңдағы ұрылар" ("воров в законе") кастасына жатқызады екен. Сонымен қатар, ол Грузия мен Әзірбайжан аймағында қылмыс жасаған. 

"Қамауға алынған ер адамнан тапанша, граната және есірткі заттары тәркіленді. Ол Қазақстанға Тбилисиден келген. Алдын ала ақпарат бойынша, ол Әзірбайжан диаспорасындағы кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысуды жоспарлаған. Кәсіпкерлердің туыстары Грузия мен Әзірбайжан Республикасында тұрады", - деп хабарлады Сәдубаев. 

Ұсталған ер адам уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.

© ҚР ІІМ
Дереккөз: tengrinews.kz
2 тамыз 2018, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.