Атырау, 23 желтоқсан 07:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Астанада қираған коттеджден зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы анықталды

1 707 рет қаралды


ІІМ ТЖК баспасөз қызметі Астанада салынып жатқан коттедждің едені құлап, зардап шеккен жұмысшылардың жағдайын әкімдіктегілер айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 1 шілдеде болды. Астанада Балқантау көшесінде салынып жатқан коттедждің қирауынан бірнеше жұмысшы үйінді астында қалған еді. Олардың бірі 1970, екіншісі 1983 жылғы ер адамдар. Кейінірек құтқарушылар үшінші жұмысшыны үйінді астынан шығару жұмысын жүргізді. 

"Зардап шеккендер бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, орта деңгейде жарақат алған. Медициналық көмек барлығына толық көлемде көрсетілді. Зардап шеккендер профильді бөлімшелерге жатқызылды, олар политравма алған", - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

Суретті ІІМ ТЖК баспасөз қызметі жолдады
Дереккөз: tengrinews.kz
2 тамыз 2018, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.