Атырау, 19 сәуір 19:09
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Еркін Ізбасар 12 жылға сотталды

1 838 просмотра


Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Соттың шешімімен Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленетін болды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді. 

Еске сала кетейік, "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының мүшелері 2016 жылдың желтоқсанында ұсталған болатын. 

Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Ізбасардың аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болған еді. Осы атышулы іс бойынша бірінші сот отырысы 5 желтоқсанда өткен болатын. 

Сот алдында 26 адам келді, оның ішінде Ақтөбе қалалық ІІД басшысының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов бар. Соттың мәліметінше, сотталушылардың басым бөлігі осыған дейін сотты болған. Үйленген, кәмелетке толмаған 2-5 баласы бар. Басты айыпталушы - Еркін Ізбасар мен оның басты серіктесі Аухат Қалиев. Олар өздерінің кінәсін мойындамаған болатын. Еркін Ізбасар 10 бап бойынша айыпталған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 тамыз 2018, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.